Мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының кеңесі
21-09-2018 16:27
Мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының кеңесі

2018 жылдың 21 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп-интернаттары  директорларының кеңесі өткізілді.

Кеңесте НЗМ тәжірибесін тарату аясында жүзеге асырылатын іс-шара «Ұлы дала мұрагерлері» форумын ұйымдастыру және өткізу мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ кеңес барысында үш тілде оқытуды енгізу аясындабіліктілік арттыру бағдарламасы бойынша ағылшын тілін меңгерген ЖМБ пәндердің мұғалімдері үшін менторлық курстың өткізілуі  туралы мәселелер қаралды. Бұл мәселе бойынша «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығының жоба координаторы Байсенгиров Есентай Лестайұлы баяндама жасады.