Ақтоғай ауданының түлектеріне 17-19 наурызда «ҰБТ дайындық» 3-күндік оқу сессиясы ұйымдастырылды.
19-03-2015 05:45
Ақтоғай ауданының түлектеріне  17-19 наурызда  «ҰБТ дайындық» 3-күндік оқу сессиясы ұйымдастырылды.

Ақтоғай ауданының түлектеріне  17-19 наурызда

 «ҰБТ дайындық» 3-күндік оқу сессиясы ұйымдастырылды.

 

Қарағанды облыстық білім басқармасы, Қарағанды облыстық ББД ОӘО ұйымдастыруымен Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті мектеп-балабақша тірек мектебінің базасында Ақтоғай ауданынның түлектеріне ҰБТ дайындауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында 3-күндік оқу сессиясы ұйымдастырылды. Аудан көлемінен  ҰБТ тапсыратын 79 түлек сессияға тартылып, қазақ тілінде оқытылатын 5 сынып, орыс тілінде оқытылатын 1-сынып, барлығы 6 сынып жинақталды.

Оқу сессиясы таңертеңгілік жиынмен басталды. Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың ОӘО әдіскері – Калекина Б.А оқу сессиясының мақсат-міндетімен таныстырып, оқушыларға сәттілік тіледі. Мектеп директоры Тукбай А.Б осындай оқу сессияларын ұйымдастыру арқылы  ауыл мен қала арасындағы сабақтастықты дамытып, әлі де осындай жұмыстар жалғасын табатындығын айтты.

Әдістемелік көмек көрсету үшін, облыс көлемінен біліктілігі жоғары деңгейдігі тәжірибелі 16 мұғалім тартылды.  (Амедов Б.И., Ахметжанова М.Б., Ашимкулова.А.К., Баланецкий О.Ф., Жалгасбаева Р.А., Жунусов М.С., Климкина Л.Н., Красникова И.В., Садыкова С.М., Сайкенова К.Ш., Смагулов Б.А., Смайл.А.И., Темирова А.А., Усенбекова С.У., Штенская Н.Р. Бақытқызы П.)

Мектеп әкімшілігі 3-күндік оқу сессиясын өте жоғары деңгейде ұйымдастырып, ауыл балаларын назардан тыс қалдырмай білікті ұстаздардан ҰБТ кездесетін қиындықтарды шешуде үлкен көмек алуына жағдай жасады.