«Футбол сабағы» республикалық жобасын жүзеге асыру бойынша семинар-кеңес өтті
26-09-2018 08:38
«Футбол сабағы» республикалық жобасын жүзеге асыру бойынша семинар-кеңес өтті

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Футбол сабағы» республикалық жобасын жүзеге асыру бойынша семинар-кеңес өтті. Семинарға дене шынықтырудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» бас директоры С.Ш.Мустафаев, спорт шаралардың өткізу зертханасының басшысы С.К.Салыков, Қазақстан Футбол Федерациясының футболдан және футзалдан бұқаралық департаментінің директоры Е.А.Жамантаев, Қарағанды футбол ассоцияциясының директоры Н.С.Бублинский, «Шахтер» кешенінің балалар, жасөспірімдер және жастар футболын дамыту директоры Н.Е.Сухорукова, дене шынықтыру саласына жетекшілік ететін әдіскерлер мен «Футбол сабағының үшінші сағаты» пилоттық жобасына енген мектеп мұғалімдері қатысты. Жалпы шара бойынша 50 қатысушы қамтылды.