Размер шрифта:
АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАРЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ
27-09-2018 18:15
АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАРЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ

2018 жылдың 27 қыркүйегіндеҚарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында арнайы мектеп-интернаттары директорларының кеңесі өткізілді.

Кеңесте арнайы мектеп-интернаттардағы оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша жәнеНЗМ тәжірибесін тарату мақсатында«Ұлы дала мұрагерлері» форумын ұйымдастыру және өткізу мәселесі талқыланды.

Кеңес барысында «Гидропоника» жобасын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша жас кәсіпкерлер Қауымдастығының басшысы Тоқсанбаев Арманның таныстырылымы талқыланды.