2018 жылдың 28 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында үштілді білім беруді үйлестіруші аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарлары үшін семинар – кеңес өткізілді.
Семинар - кеңесте 2018-2019 оқу жылындағы үш тілде білім беруді дамытудың келешегі талқыланды. Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Ш. Қожахметова семинар қатысушыларын осы оқу жылында іске асырылатын негізгі міндеттермен және проблемалық мәселелермен таныстырды. ББД ОӘО директорының орынбасары Б.Х. Абдикерова үш тілде білім беруді дамытудың қазіргі жай-күйін таныстырды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген тіл стандартының жобасы ұсынылды.
Сондай-ақ кеңес барысында үш тілде оқытуды енгізу аясында біліктілік арттыру бағдарламасы бойынша ағылшын тілін меңгерген ЖМБ пәндердің мұғалімдері үшін менторлық курстың өткізілуі туралы мәселелер қаралды. Бұл мәселе бойынша «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығының Қарағанды облысы бойынша аймақтық менеджері Дильдабекова Мадина Сериковна баяндама жасады.
Сондай-ақ өзінің іс-тәжірибесімен Теміртау қалалық білім бөлімінің әдіскері Гурьянова Э.В. бөлісті.