ТжКБ ұйымдары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
01-10-2018 14:18
ТжКБ ұйымдары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінен 30 оқытушы қатысты.Отырысты Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаповалова Н.П. кіріспе сөзімен ашып, оқытушыларға қажетті бірқатар әдістемелік құжаттармен, енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға тоқталып кетті.

Отырыс бағдарламасына сәйкес, әрі қарай қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Баймолдина А.С. 2018-2019 оқу жылына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

Келесі сұрақ бойынша «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту орталығы» ММ әдіскері Жарылғапова Б.Ө. «Латын қарпіне көшу - заман талабы» баяндамасын оқып, оқытушыларға латын қарпіне көшу бойынша бірқатар мағлұматтар беріп, практикалық тренингін өткізді.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кнашина А.А. «Облыс колледждеріндегі оқу үрдісіне көптілді және үштілді білім беруді енгізу жобаларын жүзеге асыру барысындағы негізгі мәселелер» баяндамасы бойынша сөз сөйлеп, оқытушыларды  Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» тарауындағы көрініс тапқан білім беру мәселелері, білім берудің жаңа сапасы мен қазақ тіліне байланысты айтылған мәліметтермен таныстырып тоқтала кетті.

Отырыс барысында қатысушылар әдіскерлер мен бірлестік жетекшісіне сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Отырыс соңында қатысушылармен пікір алмасу өткізіліп, отырыс жұмысы қорытындыланды.