Республиканская научно-практическая конференция «Үш ішекті қобыздың өнер тарихындағы орны және оны жаңғырту жолдары»
04-10-2018 09:12
Республиканская научно-практическая конференция «Үш ішекті қобыздың өнер тарихындағы орны және оны жаңғырту жолдары»

    2018 жылдың 4 қазанында Ұстаздар күні мерекесінің аясында«Облыстық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты» КММ базасында «Үш ішекті қобыздың өнер тарихындағы орны және оны жаңғырту жолдары»республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өтті. Іс-шара қазақтың атақты қобызшысы Фатима Балғаеваның 92-жылдығына орай ұйымдастырылды.

   Конференцияға Қазақ Ұлттық Өнер университетінің (Астана қаласы) педагогтері қатысты: профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мусаходжаева Раушан Қожабекқызы; «Қобыз және ОХА» кафедрасының меңгерушісі, профессор,  ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Кусаинова Сабира Құрманбекқызы; философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы Шаймерденова Сауле Каиркеновна; сонымен қатар өнер институтының «Қобыз және ОХА» кафедрасының студенттері өнерлерін көрсетті.