"Білімал" автоматтандырылған жүйесінде жүзеге асатын "Электрондық педагогикалық аттестаттау"кіші жүйесін енгізу
11-10-2018 15:35

2018 жылдың 11 қазанында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Білімал» автоматтандырылған жүйесінде жүзеге асатын "Электрондық педагогикалық аттестаттау" кіші жүйесін енгізу бойынша оқыту өттi. Облыстың 13 колледжінен 27 қызметкер қатысты.