Қарағанды облысының оқу -әдістемелік орталығының әдіскерлерін «Мектептегі мұғалім сабағын бақылау» бағдарламасы бойынша оқытулары
16-10-2018 10:24
Қарағанды облысының оқу -әдістемелік орталығының әдіскерлерін «Мектептегі мұғалім сабағын бақылау» бағдарламасы бойынша оқытулары

2018 жылдың 15 және 16 қазанында Қарағанды облысының оқу -әдістемелік орталығының әдіскерлері «Мектептегі мұғалім сабағын бақылау» бағдарламасы бойынша 16 академиялық сағат көлемінде оқытудан өтіп жатыр.

Біліктілікті арттыру курсын «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы» маманы өткізді.  Курста оқыту кезінде аттестаттау шеңберінде оқу жылының бірінші және екінші жартыжылдығында мектептегі мұғалім сабағын бақылау тәсілі және бағалау қағидаларын қарап шығу: жоспарлау, оқыту, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау қарастырылды. Сабақты бақылау кезінде бағалау құралдарын пайдалану.