2018 жылдың қазан айының 1 мен 12 аралығында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы базасында «Болашақ инженерлер» жобасының оқыту курсы жүргізілуде.
12-10-2018 11:07
2018 жылдың қазан айының 1 мен 12 аралығында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы базасында «Болашақ инженерлер» жобасының оқыту курсы жүргізілуде.

Оқыту курсының аясында инженерлік есептеме мен талдау, объектілерді құрастыру, прототиптеу, 3 өлшемді моделдеу  негізінде қаланған «CREO ptc» жоғары деңгейлі бағдарламаны меңгереді. Сонымен қатар мұғалімдер 3d принтердің мүмкіндіктерін құрастыруды үйренеді.

"CREO ptc" бағдарламасының жобаланатын спектр бұйымдары шектелмеген, бұл - күрделі машина жасау механизмдер, авто, авиа және судомоделирование, киім және аяқ киім, жиһаз, адам денесі, сәулет объектілері және басқалар.

Қарағанды облысында 50 мұғалім курстан өтті, 36 мұғалімі оқыту курсын бастауыштар бойынша оқыды, ал жалғастрыушылар бойынша 14 мұғалім оқыды.

Мұғалімдер курстың жаңашылдығын және тренердің жоғары біліктілігін, сонымен бірге информатика, технология, сызу пәндерінің мұғалімдеріне берілген тақырыптар сабақ беру кезінде кеңейтілген жаңа мүмкіндіктер мен бағыттарды ашқанын атап өтуде.

Оқыту курсына «Синергия» (SINERGY) ғылыми – білім беру орталығының тренері Сарканов Серік Муратович шақырылды.