«Жас оқырман» жобасы аясында семинар-практикум
22-10-2018 09:44
«Жас оқырман» жобасы аясында семинар-практикум

2018 жылдың он тоғызыншы қазанында  Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы Қарағанды қаласы «Айсұлу» бөбекжайы КМҚК негізінде облыстық «Жас оқырман» жобасы аясында семинар-практикум өтті.

Тақырыбы: «Кітапты және кітап оқуды шығармашылық пен бос уақыт арқылы насихаттау».

Өткізу мақсаты: Облыстық «Жас оқырман» жобасын жүзеге асыру аясында «Оқу шаттығы» жобасы семинар-практикум контекстінде оқыту және тәрбиелеудің белсенді әдістерін қолдану.

Семинарға Абай, Бухар –Жырау, Қарқаралы, Ұлытау, Шет, Осакаровск, Нұра аудандары және Қарағанды,  Теміртау, Балхаш, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалаларынан 45- тен  аса педагогтар қатысты.

Семинарда осы жоба бойынша мынадай бағытта іс-шаралар көрсетілді: ата –аналармен жұмыс, балалармен және педагогтармен жұмыс, сонымен бірге мамандардың жұмысы көрсетілді (логопедтер, тифлопедагогтар, психолог және қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері).

      Барлық жүргізілген іс–шаралар мазмұны жағынан және өткізу тұрғысынан ерекшеленеді. Семинардың практикалық бөлігі балаларға, ата – аналар мен педагогтарға арналған кітап оқуды қалыптастырудағы критериалық - диагностикалық құрылғы құру туралы пікірталасты  енгізу болды.

  Кітап  оқудың әлеуметтік маңызын көрсете отырып педагогтардың жоба идеясын тыңдаушыларға  біліктілікпен жеткізу  қабілеттіліктерінен орасан әсер қалды.

Семинардың эмоционалдық атмосферасы барлық қатысушылар арасында жағымды көңіл-күй қалдырды. Қорытынды рефлексиялық талдама нәтижелері семинардың мазмұнды компоненті өзекті,  практикалық – бағдарланған, инновациялық әлеуеті бар  дәстүрлі емес түрде өткенін көрсетті.