«Стратегиялық коммуникациялар» Медиа-агенттігі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кең ауқымды науқаны
26-10-2018 18:01
«Стратегиялық коммуникациялар» Медиа-агенттігі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кең ауқымды науқаны

2018 жылдың 26 қазанында қаланың білім беру ұйымдары үшін «Стратегиялық коммуникациялар» Медиа-агенттігі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кең ауқымды науқан өткізді.

Тегін дәрістер ҚР Ұлттық Банкінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылды. «Қаржыны тиімді басқарудың негізгі принциптері»  тақырыбындағы семинарға 100 - ден астам колледж студенттері және 100-ден астам мектеп колледж оқытушылары қатысты.

Семинарлар мен тренингтер Қарағанды техникалық - құрылыс колледжі, Қарағанды технология және сервис колледжі, Қарағанды көлік - технологиялық колледжі және Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өтті.

Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы - Жаныл Бекмурзаева дәріс оқыды.