«Стратегиялық коммуникациялар» Медиа-агенттігі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кең ауқымды науқаны
2018 жылдың 26 қазанында қаланың білім беру ұйымдары үшін «Стратегиялық коммуникациялар» Медиа-агенттігі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кең ауқымды науқан өткізді.
Тегін дәрістер ҚР Ұлттық Банкінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылды. «Қаржыны тиімді басқарудың негізгі принциптері» тақырыбындағы семинарға 100 - ден астам колледж студенттері және 100-ден астам мектеп, колледж оқытушылары қатысты.
Семинарлар мен тренингтер Қарағанды техникалық - құрылыс колледжі, Қарағанды технология және сервис колледжі, Қарағанды көлік - технологиялық колледжі және Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өтті.
Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы - Жаныл Бекмурзаева дәріс оқыды.