Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
29-10-2018 16:40
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2018 жылдың 29 қазанында Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі базасында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Облыс колледждерінің 33 оқытушысы қатысты. Бағдарлама бойынша «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты панорамалық сабақ-брифинг көрсетіліп, онда жастармен жұмыс жөніндегі колледждің координаторы Г. Байгошкаров пен әр түрлі бағыттар бойынша координаторлар журналистердің (студенттердің) сұрақтарына мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жауап берді.   Одан әрі акт залында «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті, онда колледж студенттері «Көлеңкелер театры» өнер көрсетті және де «Аисты на крыше» әнін ым-ишара тілімен орындады. Қорытынды кезеңде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының ОӘБ төрағасы Бузаева Т. Т. мен ҚО ББД ОӘО ТжКББ дамыту бөлімінің  әдіскері Алимбаева А.С. 2018-2019 оқу жылына арналған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі аясында жұмыс жоспары мен жоспарланған іс-шараларды талқылады.