Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын жеке тұлғаға бақытталған оқыту арқылы дамыту
29-10-2018 09:52
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын жеке тұлғаға бақытталған оқыту арқылы дамыту

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2018 жылдың 29 қазанында  «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын жеке тұлғаға бақытталған оқыту арқылы дамыту» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен  әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: әрбір оқушының шектеусіз дамуының мүмкіндіктерін ашу, тұлғаның ерекшелігі мен қайталанбастығын мойындау үшін жеке тұлғаға бақытталған оқыту және тәрбиелеудің түсінігін педагогтарда қалыптастыру.

Семинарда Қарағанды қаласының №3 гимназия, №68 мектеп және Теміртау қаласынының №9 мектеп-лицейі, №15 қазақ гимназиясы, № 10 мектебі бастауыш сынып мұғалімдері қызықты әр түрлі формада шеберлік сабақтарын және тренингтер мен коучингтер өткізді.

       Семинарға қатысушылары жеке тұлғаға бақытталған оқыту арқылы тұлғаның шектеусіз дамуының мүмкіндіктерін ашу, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру  жолдарын,оқушылардың логикасын, сыни ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеуге қатысты, пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандарының және Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.