Бастауыш сынып сабақтарында жүйелі іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру
30-10-2018 18:40
Бастауыш сынып сабақтарында жүйелі іс-әрекет тәсілдерін  жүзеге асыру

         2018 жылдың 30 қазан күні Қарағанды қаласындағы №92 гимназиясында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш әдістемелік бірлестігі жетекшілері, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған: «Бастауыш сынып сабақтарында жүйелі іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

           Семинар мақсаты: оқытуда жүйелі-іс-әрекеттік тәсілдерді қолдануда педагогтердің теориялық және практикалық дайындығын жетілдіру.

          Семинарда Саран қаласының №1, №4, №6, №7, №16 мектептерінің мұғалімдері түрлі формада шебар-сабақтарын көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушыларға жүйелі-іс-әрекет тәсілдерінің нені қарастыратыны турасында қысқаша теориялық түсінік бере отырып, оны іс-тәжірибеде қалай қолдануға болатындығы барысында түрлі тапсырмалар бере отырып, кері байланысқа түсті. Педагогтердің берген әрбір ұсынымдары оқушылардың таным қабілеттерін арттыру мақсатында қаншалықты тиімділігін көрсетті. 

       Семинарға Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандарының және Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.