Семинар «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері»
2014 жылдың 16 наурызында Қарағанды облысы білім берудің дамытудың оқу-әдістемелік орталығында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.
Семинар мақсаты:Сабақ үрдісіндегі оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. Түсіну барысында мұғалімдердің іс-тәжірибесінде оларды қолдану жолдарын қарастыру. Қалыпты пәндік біліктілігін қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Семинар барысында ББД ОӘО әдіскері Г. Мукашева, 2 деңгей бағдарламасын аяқтаған № 62 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі А. Ахметова, 2 деңгей бағдарламасын аяқтаған № 27 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Г. Жумагулова оқытушыларды жұмыстың көптеген түрлерімен және әдіс-тәсілдерімен таныстырып өтті, Блюм таксономиясымен және, Дана кілтімен жұмыс жасау бойынша өз мүмкіндіктерін көрсету үшін қатысушыларға тәжірибелік тапсырмалар беріліп, топпен жұмыс атқарылды.
Семинарға Осакаровка, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандырының, Саран, Шахтинск, Балқаш, Приозерск қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.