Білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша Семинар-кеңес
01-11-2018 13:55
Білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша Семинар-кеңес

2018 жылдың 1 қарашасында «Қарағанды машина жасау колледжі»  КММ базасында білім беру ұйымдарының директорлары,  директордың тәрбие және әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жатақханалардың коменданттары, интернаттар меңгерушілерінің қатысуымен білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан, арнайы-түзету мектептерінен, балалар үйлерінен 140 адам қатысты.