Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде облыстық семинар өтті
31-10-2018 13:59
Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде облыстық семинар өтті

2018 жылдың 31 қазанында Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Үш тілді білім беруді дамыту білім беру мазмұнын жаңарту факторы ретінде» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға облыстың 20 колледжінен 37 өкілі  қатысты.

Бағдарлама бойынша семинарға қатысушылар Балқаш қаласының «Балақай» балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  мамандығы бойынша байқау және сынақ іс-тәжірибелерінен өтіп жатқан колледж студенттерін бақылады.

Сонымен қатар, Абай атындағы №2 лицей мен №8 жалпы білім беретін мектепте  «Бастауыш білім» мамандығы бойынша тәжірибеден өткен колледж студенттері сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізді. Барлық іс-шаралар үш тілде өткізілді, бұл колледж студенттерінің жоғары тілдік дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Бұдан әрі Ә. Мусиннің 110 жылдығына арналған Бұрыш салтанатты түрде ашылды. Бұрыштың ашылуына Әлихан Бөжебайұлы Мусиннің ұлы, химия ғылымдарының кандидаты Мусин Мельдеш Әлиханұлы және Балқаш қаласының БАҚ өкілдері қатысты.

Түстен кейін семинар қатысушылары «Химия», «Информатика», «Биология» пәндері бойынша өткізілген  ашық сабақтарға бөлінді. Осы сабақтарды талқылау барысында қатысушылар оқытушыларға жақсы пікірлер мен тілектер айтты.

Сонымен қатар, колледж студенттері өздерінің  тілдік дайындық деңгейін ғылыми-тәжірибелік конференциясында айқын көрсетті. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар беріліп, жеңімпаздар анықталып, құрмет грамоталарымен марапатталды.

Семинар қорытындыларын талқылау және пікір алмасу үш тілде білім беру кафедрасының отырысында жүргізілді.

Семинар «Музыка-универсальный язык мира»  атты үш тілде дайындалған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Семинардың барлық қатысушылары - облыс колледждерінің өкілдері семинар қорытындысы бойынша өз пікірлерін білдірді.