2018 жылдың 2 қарашасы күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Айналамыздағы математика» жобасын қорытындылауға арналған панорамалық көрмесі өтті.
Көрменің негізігі мақсаты жобаға қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесін талдап, жетістіктерін көрсету.
Панорамалық көрме 3 бағыт бойынша өткізіліп, көрмеге 17 аймақтан 42 мектеп қатысты.
Жоба аяысында математикадан түрлі жинақтар дайындау байқауы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
«Математикалық сауаттылық тапсырмалары бойынша жинақтар» байқауының жеңімпаздары:
Бірінші орын дипломы - Теміртау қаласындағы №14 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері;
Екінші орын дипломы – Қарқаралы ауданы №2 Ә.Ермеков атындағы мектеп, №5 орта мектебі, Жезқазған қаласының №3 орта мектебі;
Үшінші орын дипломы - Қарағанды қаласының №15 және №66 орта мектептері;
«Логикалық ойлау және бизнес негіздері жинағы» бойынша жеңімпаздар:
Бірінші орын –Теміртау қаласы №14 ЖББОМ;
Екінші орын - Бұқар жырау ауданы, Көкпекті орта мектебі, Шет ауданының Жарық, Бұрма орта мектептері;
Үшінші орын - Балхаш қаласы, №2 Абай атындағы мектеп, Абай ауданы №5 А.Құнанбаев атындағы мектеп;
«Үздік педагогикалық жоба» сайысының жеңімпаздары:
Бірінші орын - Бұқар жырау ауданы, Көкпекті, Ростовка орта мектептері;
Екінші орын - Теміртау қаласы, №14 ЖББОМ, Балхаш қаласы №10 ЖББОМ;
Үшінші орын - Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ, №53 ЖББОМ, Осакаровка ауданы, Ақбұлақ ауылы, №28 мектеп.
Байқауға жалпы облыс бойынша 78 мұғалім қатысты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!