Колледждердің педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
02-11-2018 10:21
Колледждердің педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2018 жылдың 2 қарашасында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) отырысы өтті.

Отырысқа облыстың 12 колледжінен 24 оқытушы қатысты.

Педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ жетекшісі Шаповалова Н.П. отырыс қатысушыларын 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырғаннан кейін білім беру саласындағы және нормативті құжаттардағы өзгерістерге тоқталып өтті.

Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары Горбатова Ю.В. және Кашина Е.А. модульді бағдарламалар жасаудағы талаптарды атап өтті.  

Бұдан әрі оқытушылар Закирова О.Я., Зейнетоллина У.К. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім» құзыреттері бойынша «Worldskills»-2019 чемпионаты аясындағы педагогикалық сайысты өткізу бойынша сұрақтарды талқылады

Колледж әдіскері Кашина Е.А. 2018 жылдың 11 желтоқсанында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде өткізілетін әлеуметтік-педагогикалық идеялардың II облыстық Жәрменкесі туралы толық ақпарат берді.

Сонымен қатар, Қарағанды гуманитарлық колледжінің оқытушысы Мун А.Н. психология бойынша Мәскеу қаласында өткен конференцияға қатысу тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс соңында колледж психологы Козлова Е.О. «Педагогтардың кәсіби күюінің алдын алу тәсілдері» тақырыбында тренинг өткізді.

ОӘБ жетекшісі Шаповалова Н.П. отырыс қорытындыларын жасап, ұсыныстарды атап өтті.