Қарағанды облысында үш тілде оқытуды жүзеге асыру аясында өткізілген тәлімгерлік бойынша біліктілік арттыру курсы
27-10-2018 17:30
Қарағанды облысында үш тілде оқытуды жүзеге асыру аясында өткізілген тәлімгерлік бойынша біліктілік арттыру курсы

2018 жылдың 27 қазанынан 3 қарашасына дейінҚарағанды облысының физика, химия, биология және информатика пәндерінің мұғалімдері үшін «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығымен бірлесе отырып, үш тілде оқытуды жүзеге асыру аясында тәлімгерлік бойынша біліктілік арттыру курсының теориялық бөлімі өткізілді.

Облыс бойынша курсқа Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев және мамандандырылған мектеп-интернаттарының 439 мұғалімі қатысып, өз біліктіліктерін арттырды.