Инклюзивті білім беру саласындағы жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы
06-11-2018 17:49
Инклюзивті білім беру саласындағы жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы

2018 жылдың  06 қарашасында  ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беру саласындағы жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың мамандық алулары үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі туралы ереже қаралды. Жұмыс тобына білім берудің түрлі сатыларынан психологтар кірді: мектеп, колледж  және «Лайықты Өмір» мүгедектерді оңалту орталығының маманы.