Экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
08-11-2018 17:01
Экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2018 жылдың 8 қарашасында  Ж. Қ. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі базасында экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс ұйымдастырушылық сипатқа ие болды. Жұмыс жоспарынан басқа, «Жастар-шағын бизнеске» атты облыстық студенттік олимпиаданы өткізу туралы талқыланды. Отырысқа облыстың 20 колледжінен 22 оқытушы қатысты.