Селектрлік кеңес
14-11-2018 23:29
Селектрлік кеңес

2018 жылдың 14 қараша күні білім басқармасында білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету сұрақтары  бойынша селектрлік кеңес өтті.

Селектрлік кеңеске Қарағанды облысының 18 аймағының аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары,   білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, жалпы білім беру мектептерінің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарлары, интернат меңгерушілері қатысты.

Селектрлік кеңесте:

  • Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД терроризмге қарсы орталығы бөлімінің сарапшысы Жумакаев Е.К.  «Ықтимал қауіп немесе терроризм актісін жасау, сондай-ақ антитеррорлық операцияны жүргізу жағдайында» баяндамасымен;
  • Қарағанды облысының дін істері басқармасының бас маманы Сарсембаев Н.В. «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұрудың алдын алу шараларының ерекшеліктері» баяндамасымен қатысты.