Саран қаласының «Балғын» с/б» КМҚК «Жаңартылған білім беру жүйесінде заманауи инновациялық технологияларды варитивті бағдарламалар шеңберінде пайдалану» тақырыбы бойынша Қарағанды облысы, білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 14.11.2018 жылы семинар өткізілді.
Семинарға Бұқар-Жырау және Абай аудандарынан, Шахтинск, Теміртау, Саран, Қарағанды қалаларының әдіскерлері және білім беру бөлімінің әдіскерлерін қосқанда 42-ге жуық педагогтар қатысты.
«Балғын» с/б КМҚК, «Малыш» с/б КМҚК, ЖШС «Бахыт» кешенді мектеп педагогтары мектепке дейінгі ұйымдардағы ағылшын тілінде модульді дидактикалық ойындар және әр түрлі дамытушы планшеттер модификациясын кешенді оқу-әдістемелік вариативті бағдарламаларының жұмыстары ұсынылды. Ата-аналар, балалар және педагогтармен жұмыс жүргізуге арналаған оқыту интерактивті ойындар жүргізілді. «Күлгін түсті орман» атты технологиясы қызықты әрі есте қаларлықтай болды. Бұл технологияны кез-келген білім беру саласында қолдануға болады.
Семинардың қорытындысы бойынша «Балғын» с/б КМҚК, «Малыш» с/б КМҚК және «Бахыт» ЖШС кешенді мектеп тәжірибелері ұсынылып Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығының сарапшылар кеңесіне ұсынылды