«Жаңартылған білім беру жүйесінде заманауи инновациялық технологияларды варитивті бағдарламалар шеңберінде пайдалану» тақырыбы бойынша семинар
14-11-2018 13:10
«Жаңартылған білім беру жүйесінде  заманауи инновациялық технологияларды варитивті бағдарламалар шеңберінде пайдалану» тақырыбы  бойынша семинар

Саран қаласының  «Балғын» с/б»  КМҚК «Жаңартылған білім беру жүйесінде  заманауи инновациялық технологияларды варитивті бағдарламалар шеңберінде пайдалану» тақырыбы  бойынша Қарағанды облысы,  білім беруді  дамыту оқу - әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен  14.11.2018 жылы  семинар өткізілді.

Семинарға  Бұқар-Жырау  және Абай аудандарынан, Шахтинск, Теміртау, Саран, Қарағанды  қалаларының  әдіскерлері  және білім беру бөлімінің  әдіскерлерін  қосқанда 42-ге жуық педагогтар  қатысты.

  «Балғын» с/б КМҚК, «Малыш» с/б КМҚК, ЖШС «Бахыт» кешенді мектеп педагогтары мектепке дейінгі ұйымдардағы ағылшын тілінде модульді дидактикалық ойындар және әр түрлі дамытушы планшеттер модификациясын кешенді оқу-әдістемелік вариативті бағдарламаларының жұмыстары ұсынылды.    Ата-аналар, балалар және педагогтармен  жұмыс  жүргізуге  арналаған оқыту интерактивті ойындар жүргізілді. «Күлгін түсті орман» атты технологиясы  қызықты әрі есте қаларлықтай болды. Бұл технологияны кез-келген  білім  беру саласында  қолдануға болады.

Семинардың қорытындысы бойынша «Балғын» с/б КМҚК, «Малыш» с/б КМҚК және «Бахыт» ЖШС кешенді мектеп тәжірибелері ұсынылып Қарағанды облысының  білім беруді  дамыту оқу - әдістемелік орталығының  сарапшылар кеңесіне ұсынылды