2015 жылдың 17-19 наурызы аралығында Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» базасында Ақтоғай ауданының үш Ресурстық орталығының 11сыныптарын ҰБТ-ге дайындау бойынша біріккен көшпелі оқу сессиясы өтті.
Сессияның басты мақсаты бітірушілердің қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейін анықтау және базалық пәндер бойынша түйіндік тақырыптарды тереңдете қарастыру арқылы оқушылардың ҰБТ-ден табысты өтулері үшін сапалы дайындықпен қамтамасыз ету, сонымен қатар, оқушылардың түпкілікті нәтижеге бағытталған іс-қызметін белсендіру болып табылды.
Сессия барысында оқушылардың меңгеруіне ерекше қиындық туғызатын күрделі оқу тақырыптарын шыңдауға бағытталған шебер-сыныптар өткізілді. Әрбір оқу сабақтары оқушының танымдық іс-қызметін, ҰБТ-ге дайындықты белсендіретін алуан түрлі әдістер-тәсілдермен ерекшеленді. Жұмыс барысында мұғалімдер біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламаларында қарастырылған оқыту стратегиялары кеңінен қолданылды.Үш күн ішінде бітірушілер базалық және таңдау пәндері бойынша кешенді-қайталау сабақтары мен практикумдер арқылы білімдерін шыңдап қана қоймай, жоғары білікті мамандардан жеке консультациялар алу мүмкіндігіне де ие болды.