Размер шрифта:
Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
22-11-2018 18:15
Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылдың 22 қарашасында «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі»  КММ базасында облыс колледждерінің оқытушылары мен студенттері арасында «Диверсификация төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру жүйесі дамуының басым векторы ретінде» атты VII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында   «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік  конференциясы өтті.  Конференцияға барлығы 37 студент және 9 оқытушы қатысты. Конференцияға қатысушылар келесі секцияларға бөлінді:

- «Туған жер»

 - «Қазақстанның киелі географиясы»

- «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы»

Әр секцияда І, ІІ, ІІІ дәрежелі жеңімпаздар анықталды.

«Туған жер» секциясында келесі қатысушылар дипломдармен марапатталды:

І дәрежелі диплом – Деньгин Александр Александрович, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ. Ғылыми жетекшісі: Нуртазин Сакен  Касымович

ІІ дәрежелі диплом – Амирбекова Сабина Бақытжанқызы, «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК. Ғылыми жетекшісі: Ибраева Динара Ганиевна

ІІІ дәрежелі диплом – Шарибеков Жасулан Пердебекович, «А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КММ. Ғылыми жетекшісі: Бектемирова Айсеным Айткеновна

«Қазақстанның киелі географиясы» секциясында келесі қатысушылар дипломдармен марапатталды:

І дәрежелі диплом – Киянбекова Несібелі, «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК. Ғылыми жетекшісі: Аяганов Алтай.

ІІ дәрежелі диплом – Алексеева Милана Паргевовна,»Қарағанды коммерциялық колледжі». Ғылыми жетекшісі: Морозова Марина Владимировна

ІІІ дәрежелі диплом – Раджабов Махмадали Сайрамович, «Теміртау техникалық колледжі» КММ. Ғылыми жетекшісі: Мусина Алтынай Досаевна

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» секциясында келесі қатысушылар дипломдармен марапатталды:

І дәрежелі диплом – Обревко Анастасия Юрьевна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ. Ғылыми жетекшісі: Бейсембаева Гульзада Сагандыковна

ІІ дәрежелі диплом – Саметова Алтынай Саметовна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК. Ғылыми жетекшісі: Шалгынбаева Когершин Смагуловна

ІІІ дәрежелі диплом – Жақсымбаева Меруерт Көшкімбаиевна, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ. Ғылыми жетекшісі: Базарова Ләззат Есімқызы

Сонымен қатар оқытушылар арасында Дегтярева Наталья Валерьевна, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ оқытушысы  үздік баяндамасы үшін алғыс хат алды.

Облыстық ғылыми-практикалық конференцияның барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз және келешекте шығармашылық табыс тілейміз.