Размер шрифта:
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша колледж студенттері арасындағы сайыс
28-11-2018 08:55
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша колледж студенттері арасындағы сайыс

2018 жылдың 28 қарашасында Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша макеттер, стендтер, модельдер облыстық сайысы өтті.

Сайысқа «Үздік стенд», «Үздік макет», «Үздік модель» номинациялары бойынша 22 жұмыс ұсынылды.

Қатысушылардың жалпы саны 34 студент және 27 оқытушы-жетекшілер.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Номинация бойынша жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталып, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

Сайыс қорытындысы:

І. «Үздікстенд»номинациясы бойынша:

1 орын– «Көлік құралына арналған дабыл» стенді, Дмитриев Никита, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ студенті, жетекшісі Аймаганбетов Сакен Капанович;

2 орын–  «Автомобильдің климаттық құрылымын зерттеуге арналған стенд», Норматов Саадиаллах, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшілері Шебалин Алексей Викторович, Резников Иван Дмитриевич;

3 орын–  «Автомобильдің жарық дабылының стенді», Акижанов Рустам, Акижанов Руслан, Герасимов Александр, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенттері, жетекшісі Плетнев Михаил Иванович.

ІІ. «Үздікмакет»номинациясы бойынша:

1 орын– «Ақылды бағдаршам», Маланин Артур, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ студенті, жетекшісі Скринникова Кристина Геннадьевна;

2 орын– «ВАЗ2101қолданыстағы макеті», Кенесов Нурлыбек, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ студенті, жетекшісі Байсаринов Ергали Вахитович;

3 орын–«Оқу автодромы» макеті, Жылкибаев Адилет, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ студенті,  жетекшісі Копбаев Нурдаулет Талгатович.

ІІІ. «Үздікмодель»номинациясы бойынша:

1 орын– «Іштен жанудың жанармай қозғалтқышы» (табиғи шамадағы) моделі, Шередеко Никита, Абельдинов Еламан, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенттері, жетекшісі Кабылбеков Сабидолла Кайыркенович;

2 орын– оқу автокөлігіне арналған  «Қайталанатын педальдер» құрылғысының әмбебап құрылымы , Жихарев Евгений, Крылов Тимофей, Ли Эдуард, Омаров Нургалы, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенттері, жетекшісі Фольц Михаил Александрович;

3 орын–Шиномонтаж жұмыстарына арналған қол құрылғысы, Дюсегенов Никита, Руденко Максим, Халаньков Олег, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенттері, жетекшілері Казыкенов Багдат Серикбекович, Махаев Азамат Жайлаукенович.