Размер шрифта:
«Оқу шаттығы» жобасы бойынша «Кітап-киелі ұғым» тақырыбында облыстық семинары
30-11-2018 17:45
 «Оқу шаттығы» жобасы бойынша «Кітап-киелі ұғым» тақырыбында облыстық семинары

2018 жылдың 30 қараша  күні Шет ауданы, Ақадыр кентінің Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде «Оқу шаттығы» жобасы бойынша «Кітап-киелі ұғым» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинарға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мұғалімдері мен әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 35 мұғалім қатысты.

Мақсаты: орта буын оқушыларының кітап оқу қызығушылығын дамыту, оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған балалар оқуын қолдау, кітап оқу арқылы танымдық-зияткерлік құндылықтарын қалыптастыру, отбасылық оқу арқылы рухани тәрбиеге баулу.

Семинарда ашық сабақтар, көрмелер, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар (ата-аналармен жұмыс, бейнефильмдер, қойылымдар, «Knowledge land». қуыршақ театры т.б) өткізіліп, мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.