2018 жылдың 5 желтоқсанында Шахтинск қаласы «Снегурочка» сәбилер-балабақшасы базасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Зерек» жобасы бойынша «Алғашқы қадам немесе қуанышпен оқу» тақырыбында семинар-практикумын ұйымдастырды. Семинарға Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев, Саран, Шахтинск қалалары, Осакаровка, Нұра аудандарынан 30-дан астам қатысушылар қатысты. Олар білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен тәрбишілері. Семинар мақсаты - «Зерек» инновациялық жобасы механизмін пайдалануға педагогтарды үйрету.
Семинар бағдарламасы бойынша «Зерек» жобасын іске асыру аясында білім беру мазмұның жаңарту жөніндегі кешенді идеяларды іріктеуде модераторлар жүргізген ҰОІӘ, мастер-класс, зияткерлік ойындар, байқаулар және басқа да диалогтық стратегиялар ұйымдастырылды. Семинар қорытындысы Қарағанды обылысының білім беру ұйымдарында «Зерек» жобасын жүзеге асыру бойынша сапалы ұсыныстар болды.