Білім берудегі инновация
06-12-2018 16:55
Білім берудегі инновация

2018 жылдың 5 желтоқсанында Шахтинск қаласы «Снегурочка» сәбилер-балабақшасы базасында   Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығы облыстық «Зерек» жобасы бойынша «Алғашқы қадам немесе қуанышпен оқу» тақырыбында семинар-практикумын ұйымдастырды. Семинарға Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев, Саран,  Шахтинск қалалары, Осакаровка, Нұра аудандарынан  30-дан астам қатысушылар қатысты. Олар білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен тәрбишілері. Семинар мақсаты - «Зерек» инновациялық жобасы механизмін  пайдалануға педагогтарды үйрету.

Семинар бағдарламасы бойынша «Зерек» жобасын іске асыру аясында білім беру мазмұның жаңарту жөніндегі кешенді  идеяларды іріктеуде  модераторлар жүргізген ҰОІӘ, мастер-класс, зияткерлік ойындар, байқаулар және басқа да диалогтық стратегиялар ұйымдастырылды. Семинар қорытындысы Қарағанды обылысының білім беру  ұйымдарында «Зерек» жобасын  жүзеге асыру бойынша сапалы ұсыныстар болды.