Размер шрифта:
ІІ облыстық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі
11-12-2018 11:24
ІІ облыстық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі

2018 жылдың 11 желтоқсанында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде білім беру саласындағы ІІ облыстық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі өтті.

Бағдарламаға сәйкес жәрмеңке жұмысы «Инклюзивті білім беру мәселелері», «Worldskills»халықаралық қозғалысы арқылы кәсіби шеберлікті дамыту» тақырыптарында презентациялық алаңдардан, мастер-класстардан және дөңгелек үстелдерден тұрды.

Презентациялық алаңда 132 қатысушы өз жұмыстарын ұсынды, 31 қатысушы мастер-класстар өткізді. Жәрмеңкеге облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, колледждер мен ЖОО-ның 163 педагогтары қатысты.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге 100-ге жуық адам, соның ішінде Қарағанды облысының Білім басқармасының өкілдері, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, колледждің әлеуметтік серіктестері, облыс колледждерінің директорлары және басқа да шақырылған тұлғалар көрермен ретінде қатысты.

Педагогтар өз тәжірибелерімен, идеяларымен бөлісті, өз жобалары мен өнімдерін ұсынды, пікірталас алаңдарында проблемалық мәселелерді талқылады.

Жәрмеңкенің салтанатты ашылуы мен жабылуындаколледж студенттері  концерттік бағдарламасын ұсынды.

Жәрмеңкенің барлық қатысушыларына сертификаттар, презентациялық алаң қатысушыларына грамоталар, мастер-класс өткізгені үшін дипломдар берілді.

Сонымен қатар, көрме алаңында көрермендердің бюллетень арқылы дауыс беруімен алтын, күміс және қола сертификаттардың жеңімпаздары анықталды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша сертификаттар келесідей бөлінді:

 

І. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтары арасындағы көрмеде:

1. «Алтын сертификат» – Сидорова Татьяна Викторовна, Саран қ. «Малыш» балабақшасы,фетрден жасалған дамытушы планшеттер және оқыту кілемшелері тәрбиеленушілердің білім мониторингі құралы ретінде»;

2. «Күміс сертификат»- Ескендирова Екатерина Сергеевна, Посудневская Ирина Владимировна, Трофимова Татьяна Александровна. Саран қ. «Колобок»бөбекжай-бақшасы, «Мектепке дейінгі ұйымдағы сабақта лэпбуктіқолдану»;

3. «Қола сертификат» – Гатаева Луиза Рашитовна, Саран қ.«Балғын»балабақшасы, «Жасыл құтқарушыла» жобасында гидропоника элементтерін пайдалану».

 

ІІ. Жалпы білім беретін мектептердің педагогтары арасындағы көрмеде:

1. «Алтын сертификат»– Викторов Виталий Владимирович, Нұрмақов атындағы ОМ,«Лингвистикалық капитал»;

2. «Күміс сертификат»– Абылайхан Салтанат Мұратханқызы, Бөкетов атындағы ҚарМУ,  «Мектеп жасына дейінгі балаларға прагматизмге тән адамгершілік мәдени белгілерін қалыптастыру»;

3. «Қола сертификат»– Сторчак Мария Дмитриевна, Саран қ. №17 ЖББОМ, «Let' s play»лэпбук әдістемелік жинағы.

 

ІІІ. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы көрмеде:

1. «Алтын сертификат»– Кошкинова Назгуль Алихановна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі"»КМҚК, «Робототехника бойынша факультатив»;

2. «Күміс сертификат»– Тунгушбековна Алия Ашимхановна,  «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі»  КМҚК;

3. «Қола сертификат»– Амирова Г. Ш., Есенбаева Г. С., Жакупова К. З.,«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК,«Биология,химия, физика бойынша терминологиялық сөздіктер".