«Құқық көшбасшысы» облыстық студенттік заң олимпиадасы
24-12-2018 09:26
«Құқық көшбасшысы» облыстық студенттік заң олимпиадасы

2018 жылдың 24 желтоқсанында Теміртау жоғары политехникалық колледжінде «Құқық көшбасшысы» облыстық студенттік заң олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың ашылуында «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Акжанова Акбота Анарбековна құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, ҚО ББД ОӘОәдіскері Кнашина Айнур Ахатовна және  «Құқық» бағыты бойынша  ОӘБ жетекшісі Қонакбаева Алла Дмитриевна кіріспе сөз сөйледі.

Одан әрі колледж оқытушылары ұйымдастыру мәселелері бойынша олимпиаданың кіріспе бөлігін өткізді, одан кейін олимпиаданың негізгі бөлігіне кірісті.

Олимпиада жұмысы екі секция бойынша өтті:

Секция 1: «Құқық негіздері»пәні бойынша құқықтық емес мамандықтардың 16 студенті қатысты;

Секция 2: «Конституциялық құқық»пәні бойынша заң мамандықтарының студенттері арасында. «Құқықтану», «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша 12 студент қатысты.

Әр секцияда жұмыс екі кезең бойынша өткізілді:

1.Тест жұмысы;

2.Практикалық жұмыс.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша олимпиаданың жеңімпаздары анықталды:

І. «Құқық негіздері»пәні бойынша (Секция 1):

1 орын – Исмайлов Ислам Байрамович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»КМҚК, жетекшісі Абдрашидова Айнура Бериковна;

2 орын – Сушилова Юлия, «Қарағанды гуманитарлық колледжі»КМҚК, жетекшісі Ерболатұлы Бейбіт;

3 орын– Штейнфельд Эльдар Эдуардович, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ, жетекшісі Абдыкаликова Жанар Насыповна.

ІІ. «Конституциялық құқық» пәні бойынша (Секция 2):

1 орын – Капкеш Наргыз Бейбітқызы, «Bolashaq» Қарағанды жоғарғы колледжі» ЖММ, жетекшісі Абельдинова Айгуль Амангельдиевна;

2 орын – Әдиева Жазира, «КЭУК экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ, жетекшісі Бейсембаева Инабат Амангельдиевна;

3 орын – Артығали Ескеназ, «КЭУК экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ, жетекшісі Макеева Юлия Витальевна.

Секция бойынша жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды, сондай-ақ жеңімпаздар басшыларына алғыс хаттар табыс етілді. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылды.