Физика, химия, биология пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
09-01-2019 09:10
Физика, химия, биология пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2019 жылдың 8  қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Білім-инновация №2» лицей-интернатының базасында мамандандырылған мектеп - интернаттарының физика, химия, биология пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.

Отырыс бағдарламасында:

  • Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша тестік тапсырмаларды дайындау;
  • ЖМБ мұғалімдердің чат арқылы ағылшын тілінде қарым қатынас жасауы және ағылшын тілінде тілдік білімдерін жетілдіру мақсатында «English chat» жобасын жүзеге асыру;
  • 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша ММИ есебін тыңдау;
  • Үштілді білім беру бойынша әдістемелік өнімдер дайындау;
  • «Табыс элементтері» байқауының І кезеңінің нәтижесін талдау;
  • «Үш тілді меңгерген мұғалім»  байқауының нәтижесін талдау;
  •  Физика, математика және информатика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауының нәтижесін талдау;