WorldSkills-Karaganda құзыреттілік орталықтары өкілдерінің отырысы
14-01-2019 08:41
WorldSkills-Karaganda құзыреттілік орталықтары өкілдерінің отырысы

2019 жылдың 14 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында WorldSkills-Karaganda-2019 аймақтық чемпионатының құзыреттілігін анықтау мәселелері бойынша құзыреттілік орталықтары өкілдерінің отырысы өтті. 
Облыстың 12 колледжінен 28 өкіл қатысты. 
Отырысты ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Асакаева Дана Саламатовна ашты,  облыс өкілдерінің ұлттық және халықаралық чемпионаттарға қатысуы бойынша жалпы шолу жасады. 
Сонымен қатар, Қарағанды техника-құрылыс колледжінің директоры, ұлттық чемпионаттың техникалық делегаты Балабекова Светлана Керимбаевна сөз сөйледі. Ол біздің құрама команданың ұлттық чемпионатқа қатысуы, чемпионаттың нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып, WorldSkills проблемалы мәселелеріне тоқталды. 
Отырыс соңында ұлттық чемпионатта ұсынылған 30 құзыреттілік қаралып, құзыреттілік орталықтарының өкілдеріне алдағы WorldSkills-Karaganda-2019 аймақтық чемпионатына тізімнен жаңа құзыреттіліктерді анықтауға тапсырма берілді.