Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдер және бағалау жүйесін енгізу» облыстық семинар өтті
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдер және бағалау жүйесін енгізу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарымен бірге аудан мектептерінен 25 мұғалім қатысты.
Ашық сабақтар, шеберлік сыныптар мен сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Семинар соңында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.