Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдер және бағалау жүйесін енгізу» облыстық семинар өтті
18-01-2019 13:47

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен  әдебиетін оқытуда белсенді  әдіс-тәсілдер және   бағалау жүйесін енгізу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарымен бірге аудан мектептерінен 25 мұғалім қатысты.

Ашық сабақтар, шеберлік сыныптар мен сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Семинар соңында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.