Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысы
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы
2019 жылдың 18 қаңтарында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысын өткізді. Отырысқа облыстың мамандындырылған мектеп-интернаттарының қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша бірлестік жетекшілері және мұғалімдері қатысты.
Отырыс барысында І жартыжылдықтың есебі беріліп, ІІ жартыжылдықта жасалынатын жұмыс жоспары қарастырылды. Сонымен бірге Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды.