Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысы
18-01-2019 14:00
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы

2019 жылдың 18 қаңтарында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысын өткізді. Отырысқа облыстың мамандындырылған мектеп-интернаттарының қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша бірлестік жетекшілері және мұғалімдері қатысты.

Отырыс барысында І жартыжылдықтың есебі беріліп,  ІІ жартыжылдықта жасалынатын жұмыс жоспары қарастырылды. Сонымен бірге Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды.