Информатика мұғалімдеріне арналған бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада
18-01-2019 14:24
Информатика мұғалімдеріне арналған бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада

Экономиканы цифрландыру үдерісіне байланысты елге ақпараттық технологияларды қолдануда жақсы білімі мен практикалық дағдылары бар адамдар қажет. Бүгінде АКТ саласындағы білім беру деңгейі біздің еліміздің экономикасын дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты 2019 жылдың қаңтар айының 18 күні «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында және информатика пәні мұғалімдеріне бағдарламалау бойынша білімдерін тексеру  мақсатында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы,  «ШАГ» компьютерлік академиясымен бірлесіп, информатика пәні  мұғалімдеріне арналған бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға облыс бойынша 51 информатика пәні мұғалімдері қатысты. Қатысушыларға 5деңгейлік бағдарламалау бойынша тапсырмалар ұсынылды (C, C ++, Pascal, Java, Python). Критерийге сәйкес, қосымша ұпайлар берілді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

І орын – Осакаровка кентінің №9 гимназия мұғалімі Семиков Максим Владимирович

ІІ орын – Осакаровка кентінің №9 гимназия мұғалімі Зубрин Сенргей Викторович; 

ІІІ орын – Қарағанды қаласының №51 мектеп мұғалімі Дрёмов Алексей Александрович;