2019 жылдың қаңтар айының 23 күні Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 гимназия базасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ғылыми-техникалық бағытын насихаттау мақсатында, информатика, сызу, технология пәндерінің мұғалімдеріне шеберлік-сынып өткізді.
Шебер-сынып шеңберінде Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Құсайынова А., сондай-ақ Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінің қосымша білім беру мұғалімдері Омаров С.К., №1 ЖББОМ Клеменьтева О.С., №8 ЖББОМ Химиран Р., №2 лицей Байжұманова Л.Қ. тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар шебер-сыныптың кәсібилігін, мұғалімдердің жоғары біліктілігін, сонымен қатар сабақ беру кезінде кеңейтілген жаңа мүмкіндіктер мен бағыттарды ашқанын атап өтті.