"Болашақ инженерлер" шеберлік-сыныбы
23-01-2019 12:18

2019 жылдың  қаңтар айының 23 күні Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 гимназия базасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ғылыми-техникалық бағытын насихаттау мақсатында, информатика, сызу, технология пәндерінің мұғалімдеріне шеберлік-сынып өткізді.  

Шебер-сынып шеңберінде Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Құсайынова А., сондай-ақ  Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінің  қосымша білім беру мұғалімдері Омаров С.К., №1 ЖББОМ Клеменьтева О.С., №8 ЖББОМ Химиран Р., №2 лицей Байжұманова Л.Қ. тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар шебер-сыныптың кәсібилігін, мұғалімдердің жоғары біліктілігін, сонымен қатар сабақ беру кезінде кеңейтілген жаңа мүмкіндіктер мен бағыттарды ашқанын атап өтті.