2019 жылдың 23 қаңтар күні «Оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы маңызды сұрақтар және мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар және педагогтер алдында онлайн режимінде келесі сұрақтар қаралды:
- «Жастар ортасында нашақорлықты, есірткіні пайдаланудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру», Бузук Александр Владимирович, Қарағанды облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсыкүрес Басқармасының бөлім басшысы, полиция подполковнигі;
- «Қарағанды облысында қызылша ауруы бойынша жағдайлары, алдын алудың негізгі шаралары», Джашибекова Жакия Жетпсбаевна, Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы; Беркимбаева Жанара Жаркеновна, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы.
- «Оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы маңызды сұрақтар және мәселелерді шешу жолдары», Алиева Эльмира Максутовна, клиникалық психолог, Санкт-Петербургтік психологиялық қауымдастығының мүшесі, Орталық Азия және Қазақстандағы отбасы Институтының педагогтермен жұмыс жасау бойынша жоба жетекшісі, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау Комитеті жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі;
Ата-аналар жиналысына Қарағанды облысының 320 жалпы білім беру ұйымдарының (жалпы білім беретін мектептер, арнайы және мамандандырылған мектеп-интернаттарының)барлығы 43 945 ата-аналар және педагогтер қатысты.