«Сервис» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің сайысы
25-01-2019 16:41
 «Сервис» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің сайысы

2019 жылдың 25 қаңтарында Абай көпсалалы колледжінде «Сервис» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің І облыстық сайысы өтті.

Сайысқа облыстың 8 колледжінен 40 оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:

  1. Таныстыру(үй жұмысы);
  2. «Тауып көр» жұмбақтар сайысы;
  3.  «Капитандар сайысы»;
  4.  «СLIL»әдістемесі бойынша сайыс;
  5. Видео  рецептер сайысы(үй жұмысы)
  6. «Әндер сайысы» (үй жұмысы) (үш тілде ән айту)

Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді, сонымен қатар сайыс бағдарламасына сәйкес келесі номинациялар бойынша сертификаттар табысталды:

1.  «VIPкоманда» - «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ тобы;

2. «Ең шығармашыл топ» - «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ тобы;

3.  «Тіл шеберлері» -  «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ тобы;

4 . «Даярлаудың ерекше технологиясы» - «Бұқар Жырау агротехникалық колледжі» КММ тобы;

5.  «Тағам даярлаудағы инновациялық тәсіл үшін» - «КҚЭУ экономика, бизнес және заң колледжі» ЖММ тобы;

6.  «Ең әуенді топ» - «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ тобы.

Әрине, соған қоса сайыс жеңімпаздары да анықталды:

1 орын – «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ тобы;

2 орын – «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ тобы;

3 орын – «Саран техникалық колледжі» КММ тобы.