2019 жылдың 25 қаңтарында «Мұрагер» ММИ базасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің «Оқу арқылы пәнге қызығушылықты арттыру» тақырыбындағы отырысы болып өтті.
Семинарға Н.Нұрмақов атындағы, Жамбыл атындағы, «Дарын», МММИ, «Білім инновация» №1», №2-лицей-интернаттарының, мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаттарының 18 орыс тілі мұғалімі қатысты.
Семинарда «Мұрагер» ММИ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері тәрбиеленушілерімен оқу және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың сан алуан формалары мен әдістерін қолдану» тақырыбында орыс тілі мұғалімі Ю.Б.Стожарованың жұмыс тәжірибесі таныстырылды.
ОТӘМӘБ аясында IV Халықаралық ҒТК қатысуы туралы Н.Нұрмақов атындағы ММИ мұғалімдері Темирова А.А. мен Цемох С.М. семинарға қатысушыларға әңгімелеп берді.