Размер шрифта:
КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН "ТӘЖІРИБЕЛІК КӘСІПКЕРЛІК" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР
25-01-2019 09:51
КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

2019 жылдың 24-25 қаңтарында ҚО ББД ОӘО, "Атамекен" ӨКП және "Про бизнес" оқу орталығымен бірлесіп  аймақтағы колледждердің оқытушылары мен директорларының орынбасарлары  үшін оқу өткізді. "Атамекен" ӨКП-мен бірлескен жұмыс аясында осымен төртінші топ біліктілігін арттыруда. Семинарда тыңдаушылар  бәсекелестік артықшылықтарының, бизнес-инкубациялаудың, бизнес-модельдеудің және бизнес-жоспарлаудың заманауи үрдістерімен танысты. Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар материал мазмұнды және колледждерде кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту үшін практикалық құндылығы бар екенін атап өтті. Жаттықтырушы - Кульмагамбетова Жанаргуль Жумабаевна, Қарағанды облысының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, "Про бизнес ОО" ЖШС меншік иесі.