"ЭкоChallenge" жобасы аясында бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру бойынша физика пәні мұғалімдерінің отырысы
25-01-2019 09:55

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 25 қаңтарында "ЭкоChallenge" жобасы аясында экологиялық бағыттағы бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру бойынша физика пәні мұғалімдерінің отырысы өткізілді. Отырыс барысында Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының білім беру ресурстарын әзірлеу жөніндегі менеджері Катаева Варвара экологиялық бағыттар бойынша БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру түрлері мен әдістері туралы сөз сөйледі. Тәжірибелік бөлімде Саран, Теміртау, Қарағанды қалаларының және мамандандырылған мектеп - интернаттарының педагогтері келесі тақырыптар бойыншаБЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастырды:

  • қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау;
  • дұрыс тамақтану;
  • энергия үнемдеу.