2019 жылдың 26 қаңтарында «Балақай» бөбекжайында «ЭкоChallenge» Республикалық байқау шеңберінде «Vжасап шығару» экологиялық науқаны өтті.
26-01-2019 11:42

     Мақсаты: Қарағанды қаласының 85-жылдығына арналған экологиялық науқан өткізу. Тәрбиленушілер мен ата-аналарды қоршаған орта мен туған қаламыздың тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

     Науқан бағдарламасы бойынша Гүлдер ауданына эко-хабарландырулар мен эко-парақтар ілінді.

     Бөбекжайдың аумағына жарамсыз материалдардан жасалынған астаулар ілініп қойылды. Төңірекке салтанатты түрде қоқыс салынатын әр түрлі шандар ашылды: ҚАҒАЗ, ПЛАСТИК, ШЫНЫ және ТАҒАМ ҚАЛДЫҚТАРЫ.

     Науқан барысында дене шынықтыру мен балаларды шыңдауға,  ата-аналар мен тәрбиешілердің жарамсыз материалдардан жасалған спорттық жабдықтардың көрмесі өтті.

      Бөбекжай тәрбиеленушілерінің «Менің сүйікті қалам - Қарағанды» атты әдеби-музыкалық композициясы ұсынылды. Ата-аналар мен балалар қосылып экожоба, «Қарағанды қаласында қоқыс жағдайы қалай шешіледі» бейнероликтеріне, «Эко-Мода» костюмдер дефилесі тұсаукесеріне қатысты.

     Ата-аналар мен тәрбиеленушілер бірігіп жарамсыз материалдардан бұйым жасаудан шеберлік кластарынан өтті.